$ 443.37  474.49  4.83

Зеленский КСРО жасаған ашаршылықты геноцид деп тануға шақырды

Голодомор әлемнің 30-дан астам елінде геноцид актісі ретінде танылған.

Фото: pravda.com.ua
Фото: pravda.com.ua

Владимир Зеленский Голодоморды геноцид деп тануға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Abatmedia мәліметінше, Украина президенті Голодомор құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жасап, жұбайымен бірге Киевте өткен ашаршылық құрбандарын еске алу шараларына қатысты.

Олар бізді жаулап алуға, азаптауға, жоюға тырысты. Бірақ қолынан келмеді. Олар бізден шындықты жасырып, жан түршігерлік қылмыстарды жылы жауып қойғысы келді. Олай жасай алмады […] Ал бүгін біз миллиондаған халқымыздың – Голодомордың миллиондаған құрбандарын терең мұңмен және құрметпен еске аламыз, - деді Зеленский.

Украина президенті Голодоморды геноцид деп мойындаған мемлекеттерге алғыс айтты (Бундестаг мұны өткен жылы істеген болатын).

Бүкіл әлем бұл туралы білуі керек, бүкіл әлем мұны мойындауы керек, әлем мұны есте сақтауы керек, - деді ол.

1932-33 жылдардағы ашаршылық салдарынан Кеңес Одағында миллиондаған украиндықтар қырылды. Голодомор әлемнің 30-дан астам елінде геноцид актісі ретінде танылған.

Украина Голодоморды еске алу күні деп белгілейтін қарашаның 25-іне қараған түні Ресей армиясы, Киевтің мәліметінше, соғыс басталғалы бергі ең ауқымды дрондармен шабуыл жасады.

Украина тарапының мәліметінше, астанаға 75 ұшқышсыз ұшақ шабуыл жасап, оның 71-і атып түсірілген.

Владимир Зеленский мұны «саналы террор» деп атап, шабуылдар Голодомор құрбандарын еске алу күніне байланысты деп болжады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары