$ 523.58  549.71  5.01

Пандемиядан кейін халықтың қарызы көбейді

Бұл қарыздың 60 пайызы тұтынушылық несие.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

3 жыл бұрынғы пандемияның қазақстандықтардың қалтасына әсері әлі тоқтаған жоқ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы. 

Осы уақыт аралығында азаматтарымыздың несиесі 30 пайызға өсіп кеткен. Қазір халықтың банк алдындағы жалпы берешегі 15,6 трлн теңгеге жетті, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл қарыздың 60 пайызы тұтынушылық несие. 34 пайызы баспана ипотекасы болса 6 пайызы автонесие сияқты өзге қажеттіліктер үшін алынған.

Дегенмен, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпаратынша, қазақстандықтардың жиған қаржысы одан да көп. Жеке тұлғалардың депозиттерінде 17 трлн теңгеден астам қаржы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары