$ 439.43  473.31  4.82

Алматылық оқушылар халықаралық көрмеде үш алтын медаль жеңіп алды

2022-2023 оқу жылында 90 алматылық оқушы 15 халықаралық олимпиада мен байқауға қатысып, 43 медаль жеңіп алды.

 

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматылық оқушылар Балиде өткен ISIF-2023 халықаралық ғылым және өнертабыстар көрмесінде үш алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 №24 лицей оқушысы Дияр Халбай мен №178 лицей оқушылары Ажар Нышанбай мен Тоғжан Жандарбек ғылыми әзірлемелерін Life science санатында ұсынды. Олардың жобалары металдың коррозиясын болдырмау үшін қорғаныс жабынын жасаудан бастап Қазақстан қалаларына тиімді жол жүру бағытын айқындау бағдарламасына дейінгі күнделікті өмірде қолдануға болады. Балалар «Алматы дарыны» орталығымен бірге жарысқа үнемі дайындалып, халықаралық деңгейде үздік нәтиже көрсетті.

2022-2023 оқу жылында 90 алматылық оқушы 15 халықаралық олимпиада мен байқауға қатысып, 43 медаль жеңіп алды.

Биыл қалалық олимпиада командасы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша республикалық олимпиадада 30 жүлделі орынға ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары