$ 441.44  473.09  4.75

Астанада шығыс медицинасы бойынша емделген науқас есін жимастан қайтыс болды

Сотталған тиісті куәліктері мен лицензиялары жоқ медициналық қызметпен айналысқан.

 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Елорда тұрғыны дәстүрлі емес медициналық қызметпен айналысқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекеттік айыптаушы абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған дәстүрлі емес шығыс медицинасымен айналысқан сотталғанның кінәсін дәлелдеді.

 Сотталған тиісті куәліктері мен лицензиялары жоқ медициналық қызметпен айналысқан.

Ұйқылық шағымымен клиникаға жүгінген жәбірленушіге, Қазақстан Республикасында лицензияланбаған препарат инъекциясы енгізіліп, содан кейін оның әл-ауқаты күрт нашарлаған. Науқас есін жимастан біраз уақыттан кейін қайтыс болды.  Сараптаманың қорытындысы бойынша өлімнің себебі анафилактикалық шок болды, – делінген Астана қаласы прокуратурасының хабарламасында.

Сот үкімімен кінәлі адам медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, сотталды.

Прокуратура азаматтарды осы қызмет түрімен айналысуға тиісті рұқсаты жоқ адамдарға медициналық көмекке жүгінбеуге шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары