$ 439.4  473.54  4.76

Месси МЛС-тің үздік футболшылары тізіміне енбеді

36 жастағы аргентиналық ойыншы команда сапында 14 матч өткізіп, 11 гол соғып, бес нәтижелі пас берді. 

Фото: Prosports.kz
Фото: Prosports.kz

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси МЛС-те маусымның үздік ойыншыларының символикалық командасына енбеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

МЛС лига сайтында маусымның символикалық командасын жариялады:

Қақпашы: Роман Бюрки («Сент-Луис»)

Қорғаушылар: Мэтт Миазга («Цинциннати»), Тим Паркер («Сент-Луис») және Уокер Циммерман («Нэшвилл»)

Жартылай қорғаушылар: Хани Мухтар («Нэшвилл»), Эктор Эррера («Хьюстон Динамо»), Тиаго Алмада («Атланта») және Лусиано Акоста («Цинциннати»).

Шабуылшылар: Кучо («Коламбус»), Гиоргос Джакомакис («Атланта») және Денис Буанга («Лос-Анджелес»).

Месси «Интер Майамиге» осы жазда  ауысты. 36 жастағы аргентиналық ойыншы команда сапында 14 матч өткізіп, 11 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары