$ 494.87  520.65  4.91

Жұмыссыз жастар үшін Jobfair 365 платформасы іске қосылды

Қазіргі уақытта порталда 3,7 мың бос жұмыс орны бар және 20 өңірден 1,5 мың жұмыс беруші тіркелген.

Фото: kaz.inform.kz
Фото: kaz.inform.kz

Алматыда жастарды жұмысқа орналастыру үшін Jobfаir365 бірыңғай платформасы құрылды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Бағдарлама үш аспектіні қамтиды – жастарды өз мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру қызметі, тегін курстар қызметі және қала жастарына арналған ақпараттық портал.

Бұдан бөлек, сайтта орыс және қазақ тілдерінде қысқа мерзімді курстар бар.

Қысқа мерзімді курстардың тізімін анықтау үшін еңбек нарығындағы сұранысқа талдау жүргізілді. Талдау жастарды табысты жұмысқа орналастыру үшін қажетті өзекті әрі сұранысқа ие мамандықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Осылайша, курстар ақпараттық технология, цифрлық маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, жобаны басқару, кәсіпкерлік, дизайн, сату менеджері, SMM менеджері, мобилограф, графикалық дизайнер, таргетолог, туроператор, гид, курьер, хаускипер және тағы басқа салаларды қамтиды, – деп атап өтті әкімдіктен.

Курстың бағытына байланысты сабақ 20-дан 30 адамға дейінгі топта өткізіледі. Пайдаланушылар аптасына үш рет 2-3 сағат оқиды, онда оқытудың теориялық бөлігі 1 - 1,5 айға дейін созылады.

Қазіргі уақытта порталда 3,7 мың бос жұмыс орны бар және 20 өңірден 1,5 мың жұмыс беруші тіркелген. Бүгінде 10,2 мың адам оқытылды, оның 9,2 мыңы жұмысқа орналастырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары