Оның ата-анасы марқұм балаларының кінәсіз екенін дәлелдегісі келеді, сол үшін істі тоқтатпауды талап еткен.
Ақтөбедегі мамандандырылған сотта анасы мен баланы өлдірді деп айыпталған адамның соты өтіп жатыр. Айыпталушы наурыз айында тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсаса да, сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақтөбеде 23 жастағы жігіт екі адам өлтірді деп айыпталды. Алайда тергеу изоляторында өзіне қол салыпты. Оның ата-анасы марқұм балаларының кінәсіз екенін дәлелдегісі келеді, сол үшін істі тоқтатпауды талап еткен. Жалғыз ұлынан айырылған ана оның адам өлтірегеніне сенбейтінін айтты.
Мемлекеттік айып бойынша, айыпталушы сыра ішіп, үйді тонау туралы шешім қабылдаған. Ол үйдің балконы ашық екенін көріп, газ құбыры арқылы пәтерге көтерілген. Ішінде 35 жастағы әйел 16 жастағы ұлы мен 13 жастағы қызымен бірге ұйықтап жатқан. Үй иесі оянған кезде қарақшы оған жүгіріп келіп, бірнеше рет пышақ сұққан. Ұл мен қызға да пышақ жарақатын салған көрінеді. Анасы мен ұлы мерт болды, ал қыз тірі қалып, оқиға куәгері болды.
Сотталушының адвокаты заң бұзушылықтарға байланысты істі қосымша тергеуге жіберуді сұрады. Жәбірленушілер жағы бұған қарсы.
Жасөспірім қыз жігітті дене бітімі мен даусына қарап танып қалған. Олар істі прокурорға қайтару керек дегенге келіспеді.
Мен оның кінәсі толық дәлелденді деп есептеймін, оның үстіне оның қаны пәтерден, аяқ киімінен, шұлығынан табылды, – деді қыздың тәтесі.
Сот әлі шешім шығарған жоқ.