Анықталғандай, күдікті деп танылған Ресей азаматына есірткіні заңсыз сақтау қылмысы үшін 2014 жылы іздеу жарияланған.
Түркістан облысының полицейлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Анықталғандай, күдікті деп танылған Ресей азаматына есірткіні заңсыз сақтау қылмысы үшін 2014 жылы іздеу жарияланған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Кентау қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері қылмыскердің орналасқан жерін анықтады.
Одан әрі жедел уәкілдердің жүйелі жүргізілген әрекеттерінің арқасында ер адам Кентау қаласындағы пәтерлердің бірінен ұсталды.
Полицейлер оны қалалық полиция бөліміне жеткізді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.