Соңғы рет жұмыс істеген клубтарының бірі – «Родина» командасы.
Қазақстандық «Ақтөбе» футбол клубы ресми түрде жаңа бас бапкер тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аталмыш футбол клубының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, енді команданы украиналық бапкер Дмитрий Парфенов жаттықтырады.
Футбодан Қазақстан Премьер-лигасының жаңа маусымында «Ақтөбе» футбол клубын украиналық бапкер Дмитрий Парфенов жаттықтырады. 49 жастағы маман футболшы ретінде мәскеулік «Спартак» намысын қорғап, Ресей Преьмер-лигасының төрт дүркін чемпионы атанған.
Соңғы рет жұмыс істеген клубтарының бірі – «Родина» командасы.
Дмитрий Владимировичке қош келдіңіз дей отырып, оған «Ақтөбе» тізгінінде мол табыс тілейміз, – делінген «Ақтөбе» футбол клубының Instagram-дағы ресми парақшасында.