Инвестициялық бағдарламаның көлемі 100 млн долларға дейін жетеді.
inDrive такси қызметінің негізін қалаушы және бас директоры Арсен Томский Қазақстан азаматы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Kursiv.ke-сілтеме жасап.
Бұл туралы Арсен Томский 2 желтоқсанда Алматыда inDrive ұйымдастырған Alternativa Film Awards халықаралық кинофестивалінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Мен Қазақстан азаматтығын қабылдадым. Ел басшылығына сенімдері мен шақырулары үшін, бүкіл Қазақстан мен оның тұрғындарына inDrive-ге екінші үй болғаны үшін алғыс айтқым келеді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге inDrive компаниясына Қазақстандағы компанияны біріктіру және бейімдеу барысында үздіксіз қолдау көрсеткені үшін ерекше алғыс айтамын, – деді Арсен Томский.
Алғашында Якутияда құрылған халықаралық inDrive қызметі Қазақстанда 2014 жылы іске қосылды. 2022 жылы компания Ресейдегі жұмысын тоқтатты. Барлық қызметкерлер басқа елдерге көшірілді, олардың көпшілігі Қазақстанға қоныс аударды.
Мұнда inDrive ірі хаб құрды. 2022 жылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен жеке кездесуде inDrive компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Арсен Томский елімізде inVision-ды дамыту жоспарын таныстырды.
2023 жылғы қарашада inDrive венчурлық инвестициялармен айналысатын New Ventures бөлімшесін құратынын, сондай-ақ оларды компаниямен бірлесіп дамыту үшін стартап іздейтінін хабарлады.
Инвестициялық бағдарламаның көлемі 100 миллион долларға дейін жетеді.