$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлда 700-ден астам адам көшеде құлап, жарақат алды

56 адамның қабырғасы сынған, 32 адам жарақат алып, 17 адам шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.

Фото: Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы
Фото: Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы

Қараша айында Петропавлдың 720 тұрғыны көшеде кетіп бара жатып, тайғанақтан құлап, жарақат алды. Травматологтар көктайғақ кезінде жарақат алмау жолдарын және құлаған не істеу керек екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Көпсалалы қалалық жедел жәрдем ауруханасының баспасөз қызметі демалыс күндері жедел жәрдем қызметіне 121 адам жүгінгенін хабарлады. 56 адамның қабырғасы сынған, 32 адам жарақат алып, 17 адам шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің көбі қарт адамдар.

Травматологиялық пункт меңгерушісі Валерий Грибанов көктайғақ кезінде адамның көбінесе білегі, шынтағы немесе иығы шығып кететінін айтты. Себебі құлаған кезде адам инстинктивті түрде қолдарын созып, созылған қолына құлайды. Егде жастағы адамдарда физиологиялық ерекшеліктерге байланысты жамбас мойнының сыну қаупі жоғары.

Құлап бара жатқан жағдайда барынша өзіңізді бос ұстауға тырысыңыз. Қызық естілуі мүмкін, бірақ бұлшықеттердің тығыздығы сыну ықтималдығын арттырады. Артқа құласаңыз, басыңызды қорғау үшін иегіңізді кеудеге қысыңыз. Егер алдыңызбен құласаңыз, басыңызды басқа жаққа бұраңыз. Қолдарыңыз бүгіліп, түзу созылмауы керек. Құлаған соң асықпай тұрып, қай жеріңіз ауырып тұрғанын білу керек. Егер бір жеріңіз қатты ауырып немесе басыңыз айналса, жағдайды қиындатпау үшін жедел жәрдемді күткен дұрыс,-деп кеңес берді маман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары