$ 494.87  520.65  4.91

Антикор басшысы: Түзелмейтін жемқорларды ыстық темірмен мемлекеттік аппараттан жұлып алу керек

Адамдар қандай ортаға түседі. Егер балғын қиярды тұздалған қиярлар салынған ыдысқа салып қойсаңыз, ол түбінде тұзды қиярға айналады. 

Фото: qov.kz
Фото: qov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Асхат Жұмағали елдегі жемқорларды «темірмен күйдіргендей» жазалау керектігін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол тележүргізуші Динара Сәтжанға сұхбат беру барысында айтты. Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық бұрыннан келе жатқан оба, шешек секілді індеттің бір түрі.

Біз ол аурулардан дәрілер, вакциналарды ойлап табу арқылы қалай құтылсақ, жемқорлықтан да елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті көтеру арқылы құтыла аламыз. Түзелмейтін жемқорларды ыстық темірмен мемлекеттік аппараттан жұлып алу керек. Бірақ бұл қадрлық мәселе. Адамдар қандай ортаға түседі. Егер балғын қиярды тұздалған қиярлар салынған ыдысқа салып қойсаңыз, ол түбінде тұзды қиярға айналады. Сондықтан бізге ортаны түзеу қажет, – дейді А.Жұмағали.

Оның пайымдауынша, жемқорлықпен күресте қатаң шаралар қолдану мәселені толықтай шешуге көмектеспейді. Ол мұндай қатаң шаралар қолдану бойынша Қытайды мысал ретінде көрсетті. Қытайда мұндай қылмыстар үшін ату жазасы белгіленсе де, жағдай айтарлықтай түзелмеген. Сондықтан Қытай билігінің түсіндіру жұмыстарына көңіл бөліп жатқанын мысал ретінде келтірді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары