$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда өмірінде балабақша мен мектепке бармаған балалар анықталды

Бас прокуратураның дерегінше, көбіне ішімдікке, я есірткіге тәуелді ата-аналар баласын осындай деңгейге жеткізеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Өмірінде балабақшаға бармаған, мектеп партасына отырмаған балалар анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК жаңалықтарына сілтеме жасап. 

Сенатта отбасыда туындайтын дауларды талқылауға жиналған құзырлы орган өкілдері осындай мәліметпен бөлісті. Шалғай аймақтарды қойғанда, мұндай жаға ұстатарлық жағдайлар ірі мегаполистерде жиі тіркелетін болған.

Бас прокуратураның дерегінше, көбіне ішімдікке, я есірткіге тәуелді ата-аналар баласын осындай деңгейге жеткізеді.

Мыңға жуық балаға еш әлеуметтік мәртебе берілмегені анықталды. Бұл іске прокурорлар араласып, әрқайсысы қайда оқитыны, қай балабақшаға барғаны анықталып, жұмыс жүргізіліп жатыр. Бағдарламаны зерделегенде туысқандардың бір-біріне беріп жібергені, өмірі балабақшаға, оқуға бармаған балалар анықталды, деді ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүддені қорғау қызметі бастығының орынбасары Самат Самет

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары