$ 443.37  474.49  4.83

Абзал Құспан: Үкімет ұлттық мәдениетке қаржы бөлуде үлкен әділетсіздік жасап отыр

Депутаттың айтуынша, қоғамдағы азғындықтың себебі - мәдениетсіздікте жатыр. 

Фото: ҚР Мәжілісі
Фото: ҚР Мәжілісі

ҚР Мәжіліс депутаты Абзал Құспан мәдениет саласының мәселесін қайта қарастыру туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Депутаттың айтуынша, қоғамдағы азғындықтың себебі - мәдениетсіздікте жатыр. 

Қазіргі қоғамды дүркін-дүркін дүр сілкіндіріп жатқан, небір жантүршігерлік қылмыстар мен отбасылық зорлық-зомбылықтың түп-төркініне үңілетін болсақ, себеп – қылмыстық заңдарымыз, күштік құрылымдардың жоқтығында, білімсіздік, тіпті қаржылық тапшылықта да емес, мәдениетсіздікте жатқанын түсінер едік. Мәдениетті адам қылмыс жасамақ тұрмақ, жағымсыз іске бара қоймайды, өзінің жақсы сөзі, әдепті ісімен айнала ортасын тәрбиелеп, қоғамды сауықтырады. Мәдениеті жоғары елдің, түрмесі болмайтыны сондықтан.

Осы жылдың сәуір айында сол кездегі вице-премьер атына бір емес 12 депутат атынан сауал жолдап, елдегі мәдениетіміздің жай-күйіне алаңдаушылық білдірген едік. Онда қазақтың дәстүрлі мәдениетіне қатысты қалыптасқан жағдайға тоқталып, Қазақ Үкіметінің өз елінің ұлттық мәдениеті мен өзге елдің мәдениетіне қаражат бөлудегі, салыстыруға да келмейтін әділетсіздік туралы нақты мәліметтерді келтіре отырып, осы келеңсіз тәжіриебені өзгертуді, биылғы жылдың басында премьер-министрмен бекітілген мәдениетті дамытудың 6 жылдық концепциясын қайта қарастыру қажеттігін көтердік, деді ол.

Алайда депутаттық сауалға нақты жауап болмаған. Сондықтан Абзал Құспан Қазақстанның мәдени саясаты туралы тұжырымдаманы қайта қарауға шақырды.

Үлкен өкінішке қарай, ол сауалымызға өте формальды жауап алдық, Үкімет мәселені мәні бойынша қараудың орнына, осы кезге дейін елімізде қанша концерттер өткізілгені туралы есеп берумен шектелді, біз көтерген концептуалды бірде-бір сұраққа жауап болмады! Мәдениет саласына жауапты Үкімет мүшелерінің мәдениет туралы түсінік-деңгейі – күнделікті өткізіліп жатқан концерттермен өлшенетіні өкінішті-ақ!

«ҚР мәдени саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» қайта қарастыру қажет. Егер қазақ мәдениетін дамыту мәселесі бойынша ұзақ жылдарға негізделген ұлттық концепция жасақтар болсақ, тиісті заңнаманы да сол концепцияға сай қабылдауға бізде өз тарапымыздан ат салысуға дайынбыз, деді депутат. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары