$ 494.87  520.65  4.91

«Жалған терроризм» туралы хабарлағандар мемлекетке 6,3 млрд теңге шығын келтірген

Антифрод оператор жүйесі нақты уақыт режимінде сигналдардың әлемнің әртүрлі елдерінен келетінін анықтады. 

 

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Алматы прокуратурасы мен Қазақтелеком мектептердегі «жалған терроризм» туралы 6 фактінің алдын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қала прокуроры Серік Кәріпбековтің айтуынша, соңғы 3 жылда ҚК-нің 273-бабы бойынша (терроризм актісі туралы жалған хабарлама) 400-ге жуық қылмыс тіркелген.

Қоғам мен мемлекетке келтірілген шығын 6,3 миллиард теңгеден астам соманы құрады.

Осыны ескере отырып, мемлекеттік мекемелерге кіріс қоңырауларын екшеудің технологиялық әдістерін қолдану туралы шешім қабылданды.

Антифрод оператор жүйесі нақты уақыт режимінде сигналдардың әлемнің әртүрлі елдерінен келетінін анықтады және мектеп телефондарына қоңыраулардың келіп түсуіне жол бермеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары