$ 442.05  474.14  4.74

Роналду мен Месси бір-біріне қарсы ойнайды

Олар бір-біріне қарсы 35 ойын өткізген.

Фото: Global Look Press
Фото: Global Look Press

Роналду мен Месси бір-біріне қарсы ойнайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап

Америкалық «Интер Майами» футбол клубы қаңтар айында Сауд Арабиясында оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырып, бірнеше жолдастық кездесу өткізеді.

29 қаңтарда Мессидің командасы «Әл-Хилялмен» ойнаса, 1 ақпанда Криштиану Роналду намысын қорғайтын «Әл-Насрмен» алаңға шығады.

Айта кету керек, қазіргі заманның ең мықты футболшылары саналатын Роналду мен Месси бір-біріне қарсы 35 ойын өткізген. Оның 16-да Мессидің командасы жеңіске жетсе, Роналду 10 рет басым болған. Қалған тоғыз матч тең аяқталыпты. Бұл ойындарда Месси 21 гол соқса, Роналду 20 рет дәл соққымен көзге түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары