Соңғы жаңалықтар

индустрияландыру
Шымкент қаласының әкімі энергетикалық сусын шығаратын компанияның жұмысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі энергетикалық сусын шығаратын компанияның жұмысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бүгін «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан энергетикалық сусын шығаратын «Болашақ 7» ЖШС-ның жаңа өндіріс орнының ашылуына қатысты.

Қазақстанды индустрияландыру

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Атырауда Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдерімен кеңес өткізді.

ОҚО-да жаңа жұмыс орындары ашылмақ

Оңтүстік Қазақстанда Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы құны 1,2 трлн. теңге болатын жобалар жүзеге асып, 33 мыңға жуық жұмыс орындары ашылады, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Б.Омарбеков. 

Индустрияландырудың екінші кезеңінде жаңа технологияларға ерекше мән беріледі

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы Мемлекет басшысы айқындаған жаңа экономикалық саясат - «Нұрлы жол» бағдарламасымен, ондағы инфрақұрылымды дамыту жобаларымен ұштасқаны белгілі. Айта кетерлігі, индустрияландырудың бірінші бесжылдығында ұлттық экономика сипаты біршама серпінді өзгерістерге иеленді. Қазақстанда бұрын шығарылмаған жаңа тауар түрлері өндіріліп, еліміздің экспорттық қуатын ұлғайтатын нысандар бой көтерді. Ең бастысы, бірінші бесжылдық аясында жұртшылық жаңа жұмыс орындарымен қауышты. Дегенмен, бірінші бесжылдық аясында салынып, әлі қуатына мінбеген индустриялық жобалар бар. Көрсеткіштер бойынша айтсақ, индустрияландыру бағдарламасының аясында елімізде 770 жоба іске қосылған. Дегенмен, олардың ішінде 200 жобаның өндірістік қуаты әлі де толық пайдаланылмай келе жатыр. Ендеше осының бәрі елдің ертеңгі игілігіне айналытыны сөзсіз.

Техникалық мамандықтарға басымдық беріледі

«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты мен индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыру мақсатында базалық жоғары оқу орындары мен колледждерді дамытудың бағдарламасы әзірленді.