$ 494.87  520.65  4.91

Көршісінің мысығын өлтіріп қойған қостанайлық түрмеге қамалуы мүмкін

Көршісінің мысығын өлтірген қостанайлыққа қылмыстық іс қозғалды. Енді жануарды жәбірлеген зейнеткер 360 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бірақ сотқа берген мысықтың иесі күдіктіні жарты жылға дейін түрмеге қамап, қатаң жаза қолдануды талап етуде. Бұған көршілердің арасындағы күндестік себеп болған.

Арыз берушінің айтуынша, көршісінен кек алғысы келген зейнеткер оның мысығын буындырып, кейін баспалдақтан төмен қарай лақтырып жіберіпті. Биіктен оңбай құлаған жануар, ауруханаға апара жатқанда өліп кеткен.

Кәзір зейнеткерге қатысты қылмыстық іс жүргізілуде. Бірақ мысықтың иесі оны «біреудің жеке мүлкін бүлдірген» деген бап бойынша қайта тергеуді талап етіп отыр. Себебі, мысығын ауладағы бүкіл ел жақсы көрген.

Тіпті төлқұжатына дейін болыпты. Аяқ асты өлгенін естігенде, иесі қатты қайғырған көрінеді.

— Жүгіріп келіп есікті ашсам, мысығым жоқ. Төмен түсіп қарасам, жолдың жиегінде қансырап жатыр. Жанұшырып қолымнан келгенді істедім. Бірақ байқұсты құтқарып қала алмадым. Жолда жүріп кетіпті, — дейді мысықтың иесі Елена Башлай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары