$ 449.58  486.94  4.86

Биыл Астанада 31 тұрғын үй бұзылады

№2017 жылға дейін Астанада бұзылуға жататын тұрғын үйлер тізіміне 1940 жылдан 1970 жылға дейін салынған 228 үй кірді. Аталмыш үйлердің негізгі құрылыс конструкциялары мен инженерлік желілері әбден тозғандықтан апатты дәрежеде саналады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қала әкімдігінің ресми сайтында тұрғын үй инспекциясының хабарлағанындай, биыл 31 үй немесе жалпы ауданы 17,5 шаршы метр 463 пәтер бұзылады. Оның 19-ы «Сарыарқа» ауданындағы Тілендиев, Гете және басқа да көшелердің бойында орналасқан. Ал 12 үй «Алматы» ауданындағы Кенесары, Бейсекбаев және Тархан көшесінде орналасқан.

Апатты үйлердің тұрғындары иеленетін жаңа тұрғын үй бұзылатын пәтердің шаршы метріне пара-пар сәйкес келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы апатты үйлерді бұзу бойынша жоба «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Жоспар бойынша 2017 жылға дейін бұзылатын 228 апатты үйдің орнына жаңа тұрғын үй кешендері мен басқа да нысандар салынады. Ал 3519 отбасы жаңа пәтерлерге көшіріледі және астанада жайлы өмір сүру жағдайымен қамтамасыз етіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары