$ 443.35  475.54  4.82

Қазақстанның көк туы Біріккен Араб Әмірліктерінде желбіреді

Бүкіл әлемнің спортшылары мені Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Абу-Даби марафонына 25 мыңға жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Жарысқа қатысушы Ғани Темірәліұлы Түркістан қаласының азаматы. Жеңіл атлет бұл ісімен отандастарын тәуелсіздік күні мерекесіне орай құттықтағысы келген. Сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанға әлем назарын аударуды жоспарлаған. Спортшы марафонда 10 шақырым қашықтыққа жүгірді.

Абу Даби қаласында көк туымызды желбіретіп жүгіріп шықтым. Бүкіл әлемнің спортшылары мені Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Керемет әсер, керемет эмоция алдым. Осындай мүмкіндік сыйлаған International Turkistan marathon дирекциясының құрметті президенті Нұрбах Рүстемовке алғысымды айтамын, - деді ол.

Спорттық сайысқа әлем елдерінен 25 мыңға жуық спортшы қатысып, 42,10, 5, 2.5 шақырымда бақ сынады. Желаяқтар жарысы 2023 жылы әлемдегі ең маңызды спорттық сайыстардың бірі атанды.

Алдағы уақытта қазақстандық марафоншылар International Turkistan marathon дирекциясының қолдауымен халықаралық жарыстарға тұрақты түрде қатысуды жоспарлап отыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары