Алматы мен Астанада құқық бұзушылықтың жаңа түрлері бойынша пилоттық жоба қазірдің өзінде іске қосылған.
Елімізде «Сергек» камераларына тағы қандай заңбұзушылықтар тіркелетіні белгілі болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, Алматы мен Астанада құқық бұзушылықтың жаңа түрлері бойынша пилоттық жоба қазірдің өзінде іске қосылған.
Біз қазірдің өзінде пилоттық жобаны қолданып жатырмыз. Пилоттық режимде кейбір қалаларында, Алматы мен Астанада осындай жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Пилоттық жобаны аяқтағаннан кейін бұл мәселені шешуге тырысамыз. Соның ішінде ұялы телефон, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану. Біз мұндай заңбұзушылықтарды алдағы уақытта «Сергек» арқылы анықтаймыз, – деді Сұлтанбаев ОКҚ брифингінде.