$ 443.44  480.51  4.88

Мұғалімдерге Құдайберген Бекіштің концертіне билеттер мәжбүрлеп сатылып жатыр

«1000-2000 теңге билеті болса, бәлкім, үндемес едім, 10 мың теңгелік билеттерді мәжбүрлі түрде алғызу дұрыс емес».

Фото: massaget.kz
Фото: massaget.kz

Алматы облысында мектеп мұғалімдеріне әнші Құдайберген Бекіштің концертіне билетті мәжбүрлеп сатып жатыр. Бұл туралы депутат Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіде жазған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы облысы Іле ауданының бір мектебінде жұмыс істеймін. Құдайберген Бекіштің концертіне бізге билетті қинап алдырып жатыр, - деп жазған желі қолданушысы.

Мұғалімдерге Іле аудандық білім бөлімінен беріп жатқанын атап өткен.

Осындай концерттер қашан бітеді? Құдайберген Бекіш, сіздің концертіңізге билеттер күштеп сатылып жатқанын білесіз бе? Әрине білмейсіз. 1000-2000 теңге билеті болса, бәлкім, үндемес едім, 10 мың теңгелік билеттерді мәжбүрлі түрде алғызу дұрыс емес, - деп жазды депутат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 9

Серіктес жаңалықтары