$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында газ балоны жарылып, жас жұбайлар жансақтау бөліміне түсті

Дәрігерлердің айтуынша, екеуінің де денесін 95 пайыз күйік шалған.

Фото: massaget.kz
Фото: massaget.kz

Алматы облысы Гүлдала ауылындағы газ жарылысынан жапа шеккен төрт адамның екеуінің халі ауыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК жаңалықтарына сілтеме жасап. 

Олар күні кеше отау құрған жас жұбайлар екен. Дәрігерлер екеуінің де денесін 95 пайыз күйік шалған деп отыр.

Оқыс оқиғадан зардап шеккен тағы екі азамат палатаға шығарылған. Төтенше оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Қайғылы жағдай жексенбі күні таңғы сағат бес шамасында болған. Ауылда алдымен жарық өшеді. Кейіннен газ бен ауа қоспаларының араласуынан жарылыс болады. Қатты дүмпуден пәтерлердің есік-терезесі жұлынып, қабырғасы шытынаған. Аумағы 160 шаршы метрді құрайтын пәтердің де тас-талқаны шығыпты. Жарылыстан үйдің 32 жастағы ұлы мен 20 жастағы жас келіні зардап шеккен.

Жалпы қайғылы жағдай салдарынан төрт адам аурухананға түскен. Екеуі әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Ал қалған екеуі бүгін ғана палатаға ауыстырылыпты. 
Апаттың кесірінен ауылдағы 20-ға жуық баспана бүлініпті. Жергілікті шенділер қазір оларды біртіндеп аралап көмек көрсетуге кіріскен.

Қазір қылмыстық іс қозғалып тергеу жүріп жатыр. Әкімдік, газ жүргізген компания бар шығынды төлеп береді деп сендірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары