Құжат екі елдің құзыретті органдарының реадмиссия мәселелері бойынша ынтымақтастығын құқықтық тұрғыда реттейді.
Мәжіліс 2022 жылғы 15 желтоқсанда Астанада қол қойылған Қазақстан мен Эстония үкіметтері арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Құжат екі елдің құзыретті органдарының реадмиссия мәселелері бойынша ынтымақтастығын құқықтық тұрғыда реттейді.
Келісім Қазақстан мен Эстония азаматтарын, сондай-ақ осы елдердің аумағына келу, болу немесе тұру шарттарын орындамаған немесе орындауды тоқтатқан үшінші елдің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды анықтау және қайтаруды ұйымдастыру рәсімдерін жеделдетеді.