Іс жүзінде олардың қойып отырған талаптары мүмкін емес нәрсе.
Маңғыстау облысының Жетібай ауылында West Oil компаниясының 500-ден астам жұмысшысы бір апта бойына ереуілдеуде. Олар "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына ауысуды, еңбекақы төлеімінің бірыңғай жүйесін енгізуді және ескірген техниканы жаңартуды талап етеді. Бүгін бұл өзекті тақырып Talap Talks YouTube арнасында талқыланып, Energy Monitor қоғамдық қорының директоры Нұрлан Жұмағұлов пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, "West Oil Software" ЖШС компаниясында 530-540 жұмысшы істейді. Компания негізінен тасымалдау қызметімен айналысады. Яғни, онда жүргізушілер, жүк көліктері мен жолаушылар тасымалдайтын жүргізушілер қызмет етеді.
Бұл "OilTransport Corporation" компаниясына қарасты қосалқы мердігер компания, ол "ҚазМұнайГаз" еншілес құрылымдардың бірі. Бұл жерде жұмысшылар өздерінің бірқатар талабын қойып отыр. Олар "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына ауысуды, еңбекақы төлемінің бірыңғай жүйесін енгізуді және ескірген техниканы жаңартуды талап етуде. Алғашқы екі талап бойынша "ҚазМұнайГаз" бірден бұл мүмкін емес екендігін жеткізді. Ал, техниканы жаңарту бойынша "ҚазМұнайГаз" өз есебінен кезең –кезеңімен жаңартады деген келісім болды, - дейді ол.
"West Oil Software" ЖШС – бұл жеке компания. Спикердің айтуынша, бұл жердегі ең басты қателік – "OilTransport Corporation" бұрынғы жұмысшылары 2018 жылы оңтайландыру жүргізіліп, Маңғыстау облысындағы көптеген жұмысшыға 5-50 бағдарламасы ұсынылған. Бұл бағдарламаға сәйкес, егер жұмысшы өз еркімен өтініш жазып жұмыстан шықса, ол жұмысшы соңғы бес жыл үшін орташа жалақының 50%-ын алады. Осылайша сол кезде орташа 10 млн теңгеден асатын сома болатын. Міне енді 5 жыл өткен соң, кейбір жұмысшылар оларды "ҚазМұнайГаз"-ға штаттық орынға қайта жұмысқа орналастыруын қалап отыр. Олар бес жыл бұрын айтылған сөздерге сүйеніп айтып отыр. Іс жүзінде және ресми түрде бұл ешқай жерде құжат ретінде қабылданбаған.
Жұмысшылар жеке компанияда жұмыс істегендіктен жалақылары "OilTransport Corporation" жұмысшыларынан азырақ.
Бүгінгі таңда, мынандай ресми ақпарат бар. Штатта 540 адам болса, жеке кәсіпкер ретіндегі төлемдер бар. Жылына орташа есеппен кем дегенде 700 мың теңге көлемінде. "OilTransport Corporation" миллион алатын шығар, міне сол үшін жеке кәсіпорын жұмысшылары да сондай жалақы сұрап отыр.
Міне, осылайша жұмысшылар 8-інші күн ереуілге шығып наразылық білдіруде.
Іс жүзінде олардың қойып отырған талаптары мүмкін емес нәрсе. Маңғыстау облысында "МаңғыстауМұнайГаз"-дан бөлек, "ӨзенМұнайГаз" бар. Олардың барлығы "ҚазМұнайГаз"-ға жұмысқа алу мүмкін емес, компания банкрот болуы мүмкін.
Оған қоса бұл жерде кезекте күту мәселесі бар. Гарвард, Кембридж дипломымен келсең де 1ӨзенМұнайГаз" немесе "МаңғыстауМұнайГаз"-ға тізім бойынша орналаса аласың. Жыл сайын тізім өзгеріп отырады. Кезегің келсе, жұмысқа орналаса аласың. "ӨзенМұнайГаз"-ға жұмысқа орналасу үшін 9-10 мың адам кезекте тұр, - дейді Нұрлан Жұмағұлов.