$ 442.05  474.14  4.74

Қытайда зілзала құрбандарының саны 144-ке жетті

Жаңарған деректер бойынша 113 адам Ганьсу провинциясында, ал 31 тұрғын Цинхай провинциясында мерт болған.

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

Қытайдың солтүстік-батысында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 144 адамға жетті. Бұл туралы Қытайдың Орталық телеарнасы мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы astanatv.kz-кемсілтеме жасап. 

Жаңарған деректер бойынша 113 адам Ганьсу провинциясында, ал 31 тұрғын Цинхай провинциясында мерт болған. Үш адам әлі де із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Дүйсенбі күні кешке Ганьсу провинциясының Цзишишань уезінде магнитудасы 6,2-ге дейін жеткен жер сілкінісі тіркелгенін хабарлаған болатынбыз.

Іздеу-құтқару жұмыстары күрделі метеорологиялық және географиялық жағдайларға байланысты қиындаған. Жер сілкінісі болған кезде түнде ауа температурасы -15 градусқа дейін төмендеді.

Магнитудасы 6,2-ге дейін жеткен жерасты дүмпулері Ганьсу провинциясының Цзишишань-Баоань-Дунсян-Салар автономиялық округінде тіркелді. Ошағы 10 км тереңдікте болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары