$ 494.87  520.65  4.91

«ИК» тобының экс-режиссері: Дәурен Абаев Назарбаев туралы кино түсіруді ұсынды

Мен ешқашан ондай қадамға бармайтынымды жеткіздім.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

«ИК» тобының экс-режиссері Қуаныш Бейсек «5К» бейнебаянынан кейін біраз шенеуніктің өзімен дос болғысы келгендігін жасырмады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Біраз шенеунік «5К» клипінен кейін менімен дос болғысы келді. Олардың арасында Дәурен Абаев та бар. Мен бірден еркін адам екенімді айтты. Әрине, билікті басып алу, революция, анархия дегендерді қолдамаймын. Бірақ халықтың мүддесі болу керектігін жеткіздім. Керек жерде өз ойымды айтатынымды, олардың қалауымен жүрмейтінімді білдірдім, - дейді Қуаныш Бейсек «Замандас» подкастында.

Ол Дәурен Абаевтың тікелей миллиондаған доллар ұсынбағанын, бірақ араға адамдар салып әр түрлі ұсыныстар жасағанын жасырмады.

Билікте жүрген соң, ақылды. Тікелей өзіме ешқандай «откат» ұсынбады. Бірақ біреулерді жіберіп, ананы түсірейік, мынаны түсірейік дегендері болды. Тіпті, Назарбаев жайлы кино түсіруді ұсынды. Мен ешқашан ондай қадамға бармайтынымды жеткіздім, - дейді режиссер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары