$ 441.58  480  4.86

«Ертіс» клубы қайта құрылып, Қазақстан чемпионатына оралады

Олар қазір Қазақстан футбол федерациясымен келіссөз жүргізіп жатыр.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

«Ертіс» клубы қайта құрылып, Қазақстан чемпионатына оралады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Басынан дау арылмаған павлодарлық клубтың басшылығына жаңа мамандар келді. Олар қазір Қазақстан футбол федерациясымен келіссөз жүргізіп жатыр. Оның негізінде «Ертіс» 2024 жылы ішкі біріншілікке қайтадан араласа бастайды және екінші лигада емес, бірінші лигада өнер көрсетеді.

Бұған қоса клуб басшылығы «Ертістің» бұрынғы ойыншыларымен және бапкерлерімен де қарыздарды қысқарту бойынша диалогты бастады. Басқа да төлмендердің мәселесі егжей-тегжейлі талқыланып жатыр, делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары