$ 441.66  475.14  4.86

Астанада танысының көлігі мен 23 млн теңгесін ұрлап кеткен әйел ұсталды

Ер адамның айтуынша, Қосшыға бірге келген, өзімен бірге тұратын әйел оған тиесілі Lexus 570 автокөлігімен кетіп қалған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Астаналық әйел бірге тұрып жүрген адамның көлігі мен 23 млн теңгесін алып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға 20 желтоқсанда Қосшы қаласында болған. Полицияға ЖШС басшысы, елорда тұрғыны өтінішпен жүгінген.

Ер адамның айтуынша, Қосшыға бірге келген, өзімен бірге тұратын әйел оған тиесілі Lexus 570 автокөлігімен кетіп қалған.

Жол талғамайтын көліктің артқы орындығында 23 000 000 теңге салынған сөмке болған.

52 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ұсталды. Бұл факт ҚР ҚК 389-бабы 2-бөлігі бойынша тергелуде, қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 4
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары