24.12.2023, 07:30

Синоптиктер 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

Фото: carinsuranceshoppingsource.com

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

 

 

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 24 желтоқсанда елдің 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атырау облысының басым бөлігінде тұман, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. 

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. 

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. 

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 18 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. 

Шымкентте оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, екпіні таулы аудандарында 15-20 м/с болады.