24.12.2023, 09:30

17 жыл құлдықта болған қыздар психологиялық ем курсынан өтіп жатыр

Фото: Massaget.kz

Желі қолданушылары да қыздарды емдеп жатқан дәрігерге алғыс айтты.

17 жыл құлдықта болған қыздар психологиялық ем курсынан өтіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін "Көреміз" бағдарламасында Түркістан облысының апалы-сіңілі тұрғындары ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болғаны туралы айтылған еді. Аталған жайтты бағдарламаға қыздардың сыныптастары айтқан. Бағдарлама жүргізушісі журналист Руслан Өтепбай қыздардың қазіргі жағдай туралы жазды. 

Журналистің айтуынша, қыздар қазір психологтың ем курсынан өтіп жатыр.

4 айдан бері қыздармен жұмыс істеп, психологиялық тұрғыда қолдау көрсеткен Санжар мырзаға рақмет! 17 жылдық құлдықты аз ғана уақыт ішінде ұмыттыру оңай емес. Бастысы аз-аздан, үздіксіз емді жалғастыру, - деп жазды журналист. 

Желі қолданушылары да қыздарды емдеп жатқан дәрігерге алғыс айтты.