$ 494.87  520.65  4.91

15 жастағы қазақ шахматшысы әлем чемпионатында сенсация жасады

Әлем чемпионатының екінші турында ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящиймен ойнады.

Фото: Sports.kz
Фото: Sports.kz

15 жастағы қазақстандық шахматшы Ернұр Амангелді (рейтингі — 2012) Өзбекстанның Самарқан қаласында өтіп жатқан рапидтен әлем чемпионатының екінші турында ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящиймен ойнады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Е.Амангелді қара фигуралармен ойнады. Матч тең аяқталды.

Еске салайық, биылғы 7 сәуір – 1 мамыр аралығында ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь Астана қаласында классикалық шахматтан әлем чемпионы атағы үшін өткен сайыста бақ таластырған болатын. Матч 14 партиядан тұрды. Тай-брейкке ұласқан ойын нәтижесінде Д.Лижэнь жеңіске жетті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары