$ 441.66  475.14  4.86

Павлодарда рэпер есірткімен ұсталды

Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде бір орама каннабис пен ұялы телефон табылды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Павлодар облысының полицейлері есірткі таратқан деген күдікпен рэп орындаушысы мен дыбыс жазу студиясының продюсерін ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тыйым салынған заттарды таратқан деген күдікпен музыкант пен продюсерді ұстады. Тергеу нұсқасы бойынша, ұсталғандар Павлодарда қашықтан есірткі сатпақ болған.

Полицияның мәліметінше, астаналық рэпер мен продюсер есірткіні заңсыз интернет-дүкеннің мүддесі үшін таратқан.

Жедел іздестіру шаралары барысында 28 жастағы рэпер ұсталды, оның тұрғылықты жерін тінту кезінде бір орама каннабис пен ұялы телефон табылды. 27 жастағы азаматқа тиесілі дыбыс жазу студиясын тінту кезінде өсімдік тектес есірткі заттары, тауарды орауға арналған электронды таразылар мен ноутбук табылды, - деді Павлодар облыстық ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары