$ 494.87  520.65  4.91

«Тағы үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалған»: Бас прокуратура Бишімбаевтың ісіне қатысты тың деректер айтты

Бас прокуратура бүгінде Қуандық Бишімбаевтың қамауда отырғанын мәлімдеді. 

Фото: © Sputnik / Болат Шайхинов
Фото: © Sputnik / Болат Шайхинов

Бас прокуратура әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты деректерді айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бас прокуратура бүгінде Қуандық Бишімбаевтың қамауда отырғанын мәлімдеді. 

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі «Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген Бас прокуратура мәлімдемесінде.

Бұл бап негізінде, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сонымен қатар, Бас прокуратура тағы үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қылмыстық Кодекстің 432-бабы («Қылмысты жасырып қалу»), ҚК-нің 119-бабы («Қауiптi жағдайда қалдыру») және ҚК-нің 434-бабы («Қылмыс туралы хабарламау») бойынша қылмыстық істер қозғалды, - делінген мәлімдемеде.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары