$ 439.43  473.31  4.82

Қарқаралыны «шулатқан» қасқырдан құтырма анықталды

Қасқырдың көзі жойылғаннан кейін материалдар зертханаға сараптамаға жіберіліп, қауіпті ауру расталды.

Фото: Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында үш әйелді қауып алған қасқырдан құтырма ауруы анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасқырдың көзі жойылғаннан кейін материалдар зертханаға сараптамаға жіберіліп, қауіпті ауру расталды.

Қарқаралыда малға екпе салу жұмыстары жүргізіләп, кейбір жерлерде шектеу енгізіледі.

Қарқаралыда 27 желтоқсаннан бастап профилактикалық мақсатта бірқатар шектеу енгізіледі. Бұл шара көзі жойылған қасқырдан құтыру ауруы анықталуына байланысты қолданылады. Осыған байланысты иттер мен мысықтардың көрмелерін өткізуге, иттер мен мысықтарды серуенге алып шығуға, құтыру ауруын жұқтырған болуы мүмкін мал-жануарлардың өнімдерін (сүт, ет, тері) сатуға және сыртқа алып шығуға тыйым салынады, - делінген әкімдік хабарламасында.

Ит, мысық және басқа да жануарларды күтіп-баптау жағдайын тексеру үшін үй-үйді аралау жұмыстары жүргізіледі. Құтыру ауруына күдік болса, дезинфекция жасалады.

Сондай-ақ қалада малға және ит-мысыққа вакцина егіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары