$ 443.35  475.54  4.82

Қазақстандық шахматшы әлем чемпионатында сенсация жасады

Турнирдің ашылуында отандасымыз жарыс фавориттерінің бірі Фабиано Каруанды жеңіп кетті.

Фото: sportx.kz
Фото: sportx.kz

Денис Махнев шахматтың блиц түрі бойынша Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Турнирдің ашылуында отандасымыз жарыс фавориттерінің бірі Фабиано Каруанды жеңіп кетті. Өткенге көз жүгіртсек, АҚШ атынан шыққан Каруана 2018 жылы Магнус Карлсенмен әлемдік тәж үшін бақ сынап, Самарқандта екінші нөмірлі шахматшы ретінде тіркелген-ді. Ал ол кезде Махнев 105-ші орында тұрды.

Денис 5 турдан кейін 4 ұпай жинап, әзірге 9-шы орынға жайғасты. Көш басында Владислав Артемьев пен Рамеш бабу Прагнанандха тұр. Олар 5 ұпайдан жинады.

Fide блиц бойынша Әлем кубогының алғашқы турында күтпеген жеңіліс тіркелді. Денис Махнев Фабиано Каруананы жеңді. Алда тағы 20 раунд бар!-, деп Fide турнирінің үйымдастырушылары отандасымыздың жеңісін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары