$ 441.66  475.14  4.86

2024 жылы қандай қазақстандық компанияларда салықтық тексерулер күтіп тұр?

Салық қызметкерлері тәуекел тобына жататын ірі, орта және шағын компанияларға барып, арнайы тексеру жүргізеді.

 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 760 кәсіпорында кешенді салықтық тексеру жүргізілмек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР Қаржы министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Салық қызметкерлері тәуекел тобына жататын ірі, орта және шағын компанияларға барып, арнайы тексеру жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының 2024 жылғы бірінші жартыжылдыққа салық түсімдерін және басқа да міндетті төлемдерді қамтамасыз ету саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексерулер жүргізу кестесі белгіленді. Оның аясында бюджет, әлеуметтік төлемдерді аударуы мен оны уақтылы аударуы тексеріледі, – делінген тізім сипаттамасында.

Еске салсақ, 2024 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасындағы салықтық тексерулер өтетін кәсіпорындардың тізімін мына жерден жүктеп алуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары