$ 441.66  475.14  4.86

Тоқаев көлемді сұхбат беріп, қаңтар қасіреті туралы айтты

Сондай-ақ президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер айтылады.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Ертең, 3 қаңтарда «Egemen Qazaqstan» газетінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды сұхбаты жарияланады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ертең мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ғалым, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Диқан Қамзабекұлына берген кең көлемді сұхбаты «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланады, – делінген Берік Уәлидің әлеуметтік желідегі жазбасында.

Сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалады.

Сондай-ақ президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер айтылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары