$ 447.4  477.55  4.76

Британдық танымал әнші қазақ баласы туралы бейнеклип түсірді (ВИЕДО)

Әлемге Human әнімен танылған британдық әнші Rag'n'Bone Man (Рори Грэм) Алматы облысындағы Шарын шатқалында бейнеклип түсірді. Skin деп аталатын әннің басты кейіпкері - қазақ баласы.

Клип сюжеті бойынша тастанды елдімекенде жалғыз қалған бала адамдарды іздеп ұзақ уақыт дала кезеді. Көлден су ішеді, қолына түскенді тамақ қылады. Мұнан кейін ол итті, кейін жылқыны кездестіріп, клип соңында адамдармен қауышады.

Клиптің басты ролінде бір ғана бала болғанымен, оны ағайынды Әлібек пен Әлішер Бақытовтар сомдап шыққан. Екеуі жай ағайынды емес, егіздер. Бейнеклип Youtube порталында жарияланған аз уақытта 700 мың рет қаралып үлгерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары