$ 444.22  476.38  4.82

Өзбекстан билігі дәрі бағаларын мәжбүрлеп арзандатып жатыр

Өзбекстанда 200 дәріхана лицензиясынан айрылды. Олар 227 шетелдік дәрі мен медициналық құрылғының бағасын үкімет белгілеген бағаға сәйкестендіре алмаған деп жазады Centralasian.org.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің Бақылау испекциясы қызметкерінің айтуынша, тағы 700 дәріхананы лицензиядан айыру туралы өтініш сотқа жолданды. "Сот шешімімен 200 дәріхана лицензиядан айрылды. Үш жыл бойы олар бұл салаға қайта орала алмайды. Бұған қоса, 255 дәріхананың қызметі он күнге тоқтатылды. Олар дәрінің бағасын өсіріп сатқан. Тағы 615 дәріхананың ісі сотқа жолданады", - деді ол.

Дереккөздердің хабарлауынша, Ташкент пен Ташкент облысында дәріханалар бірінен соң бірі жабылып жатыр. Төмен бағамен сатылуы тиіс дәрілер енді "қара базарларда" саудалана бастады.

53 жастағы Ташкент тұрғыны Мавжуданың айтуынша, "қара базар" саудагелері көліктерін дәріхана маңына қояды, сирек кездесетін дәрі таппағандар соларға жүгінеді. Кейде дәріні олар үйге әкеліп береді.

"Дори-Дармон" фармацевтикалық компаниясы басшыларының бірі дәрілердің "қара базары" барын растады. Қазір Бас прокуратураның арнайы департаменті дәріні заңсыз саудалағандармен күресіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары