$ 443.44  480.51  4.88

9 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Маңғыстау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Фото: www.gov.kz
Фото: www.gov.kz

«Қазгидромет» РМК 9 қаңтарда еліміздің 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қарағанды облысында бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екіпін 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 20 м/с-ға жетеді.

Ұлытау, Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қар жауып, екпінді жел күтіледі.

Павлодар, Түркістан, Қостанай облыстарында бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары