$ 441.66  475.14  4.86

Енді әйеліне қол көтергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Бұдан бөлек, тұрмыстық жанжалдарды арнайы полицейлер тергемек.

 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза тағы да күшейтіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап

Ішкі істер министрлігі балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл және депутаттармен бірлесіп, заңнамаға бірнеше түзету әзірледі. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы мәлімдеді. 

Ақмарал Серікбаеваның айтуынша, енді әйеліне немесе бала-шағасына қол көтеріп, денсаулығына жеңіл зиян келтіргендер әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Әрі сотқа отбасының шырқын бұзатын азаматтарды тұрғын үйден уақытша шығарып, әлеуметтік бейімделу орталықтарына жіберу құқығы беріліп отыр. 

Бұдан бөлек, тұрмыстық жанжалдарды арнайы полицейлер тергемек.

Сонымен қатар ІІМ отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған дербес бөлімше бөлімше құрылатын болады. Ол бөлімшелер тек осы тұрмыстық зорлық зомбылық күреспен ғана айналысады, деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақмарал Серікбаева. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары