$ 494.87  520.65  4.91

Қайырымдылыққа ақша жинаған блогерлер салық органдарына есеп беретін болады

«100 аударым» қағидаты бойынша салық органдарының назарына ілігеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Үкіметтің баспасөз орталығында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қайырымдылық мақсатта ақша жинайтын блогерлердің мобильді аударымдары қалай қадағаланатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Бүгінде блогерлердің көбі кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Олар әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы ұтыс ойнатып, қайырымдылық қорына ақша жинайды. Олардың мобильді аударымы тексеріле ме?» - деп сұрады журналист.

Ержан Біржанов мұндай мақсатта жасалған аударымдар да «100 аударым» қағидаты бойынша салық органдарының назарына ілігетінін айтты.

Тек блогерлер ғана емес, басқа азаматтар да осылай ақша жинауы мүмкін. Бұл қаражат баланың еміне арналса және мобильді аударым саны 100-ден асса, ендігі жылы бізге ол туралы тиісті мәлімет түседі. Содан біз бұл азаматқа арнайы хабарлама жібереміз. Азамат немесе блогер «Иә, мен қаңтар, ақпан, наурызда осындай ақша жинаған едім. Кәсіпкерлік мақсатта емес, ақшаны осы бағытта жұмсадым. Жіберілген ақшаның реквизиті бар» деп өзіне аударылған ақшаның қандай мақсатта жұмсалғанын түсіндіріп беруге тиіс. Мұндай жағдайда оған адамға сұрақ туындамайды, салық міндеті қойылмайды. Ақша жинайтын адам қаржыны не үшін жинап жатқанын нақты білуі тиіс. Егер кәсіпкерлік немесе жарнама болса, салық міндеттемесі болады. Қайырымдылыққа жиналса, адам ешқандай жауапкершілікке тартылмайды, салық төлемдері пайда болмайды, - деді вице-министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары