$ 439.43  473.31  4.82

Астана тұрғыны қайын әпкесін өлтіру үшін 10 млн теңгеге киллер жалдаған

Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Астанада адам өлтіруге тапсырыс берген тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Сотта ер адам қылмысты алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында, 10 млн теңгеге жалдау бойынша пайдакүнемдік ниетпен жасағаны анықталды. Мотиві - өзіне сақтау үшін берілген ақшаны жұмсап қоюы.

Алайда ол тапсырыс берген киллер бұл туралы полицияға хабарлаған. Осыдан кейін полиция тапсырыс беруші мен кісі өлтірушіні ұстау мақсатында жәбірленушінінің өлімін имитациялап, ұстаған.

Ол кісі өлтіруге дайындықты ұйымдастырғаны үшін - 10 жылға (Қылмыстық кодекстің 28-бабының 3-бөлігі, 24-бабының 1-бөлігі - 99-бабы 2-бөлігінің 7, 8-тармақтары) бас бостандығынан айырылды.

Ал тағы бір тұрғын сотталушыға көмек көрсеткені және қылмыс олардың еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша соңына дейін жеткізілмеуіне байланысты 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Қорғаушы тарап апелляциялық шағымдарында үкіммен келіспей, сотталушылар жәбірленушіні өлтіруге емес, оның ақша туралы біраз уақытқа ұмытуын көздеп, тек ұрып-соғуға тапсырыс бергенін мәлімдеген.

Алайда сот алқасы сотталғандардың кінәсі қылмыс орындаушысының айғақтарымен, әңгімелесу стенограммасымен, тәркіленген заттай дәлелдемелермен толық дәлелденген деген қорытындыға келді.

Осыған байланысты, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары