Бүгін Астанада жеделсаты өндірісі бойынша жаңа зауыт іске қосылады, деп хабарлайды skifnews.kz.
Қала әкімдігінің ресми сайты хабарлауынша, бүгін іске қосылатын «Sky Express Elevator KZ» зауыты жылына 1000 жеделсаты шығаратын болады. Онда тек тұрғын үйлерге арналған қарапайым жеделсатылармен қатар, жүк таситын, науқастарға арналған және автокөлік лифтілері, эскалаторлар мен траволаторлар жасалады.
Өндірісті оқшаулау тапсырыс берушіге дайын өнімді нарықтағыдай орташа есеппен 4-6 айда емес, небары 1-2 айда жеткізуге мүмкіндік береді. Жаңа кәсіпорын Астана маңындағы «Қосшы» ауылында орналасқан. Зауыт ауданы 1300 шаршы метрді құрайды. Онда қазіргі уақытта 50 адам жұмыс істеуде.
Зауыт Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны болғандықтан, 8 жұмысшы Қытайдан шақырылған.
Зауыт жеделсаты шығарумен қатар, оны іске қосу және жолға қою, ары қарай сервистік қызмет көрсетумен айналысады.