$ 443.85  474.3  4.8

Қостанай облысында үш мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер бизнесті дамытуға тегін грант алды

Қостанай облысында үш мүмкіндіктері шектеулі адамдар өз бизнеcтерін дамытуға тегін грант алды, деп хабарлайды BNews.kz

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ менеджері Әсел Казакова мәлімдеуінше, «Қостанай облысында «Жұлдыздарға қара» жобасы бойынша гранттар тапсырылды.

Үш жеңімпаз анықталды, олар - Борис Чиченко, Ольга Настевич пен Әсел Шименбаева деген мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер.

Азаматтарға жаңа бизнес идеяларын дамытуға гранттар берілді.

Мәселен, Борис Чиченко типографиялық қызмет көрсетеді, ал Ольга Настевич түрлі кәдесыйлар жасайды. Екі кәсіпкерге 100 мың теңгеден берілді. Әсел Шименбаева болса, тоқыма бұйымдарды жөндеумен және тігумен айналыспақ. Оған 200 мың теңге көлемінде грант бөлінді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары