Бұл шығын Ресейде 100-ден астам нүктесі бар Wildberries сақтау қуатының шамамен 3,5% құрайды.
Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев Ресейдегі Wildberries қоймасында болған өрттің салдары туралы айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Министр не дейді
Өрт Санкт-Петербургтегі қоймада болған.
Бұл шығын Ресейде 100-ден астам нүктесі бар Wildberries сақтау қуатының шамамен 3,5% құрайды. Бүгінгі таңда бізде сатушылар туралы, қанша тауар жарамсыз болып қалғаны жөнінде ақпарат жоқ. Онда тергеу, санау, тексеру шаралары жүріп жатыр. Көлік паркі зардап шеккен жоқ, тасымал жүріп жатыр. Жалпы, біздің тауарларымызды сақтау және өңдеу пункттері бойынша айтар болсақ, оның басым бөлігі Орталық Ресейде. Процес штаттық режимде жүріп жатыр. Бізге ешқандай өтініш, шағым түскен жоқ, – дейді Арман Шакқалиев.
Wildberries қоймасындағы өрт
Өрт 13 қаңтарда таңертең Санкт-Петербургтің Пушкин ауданы Шушары ауылында басталды. Оны өрт сөндіушілер 30 сағат бойы сөндірді. Өрттің ауданы кемінде 70 мың шаршы метрді құрады.
Өрттің себебі электр сымдарының дұрыс жұмыс істемеуінен делінген хабарламада. Санкт-Петербург билігі өртенген қойманың заңсыз жұмыс істегенін жеткізді.
Өрт салдарынан, кейбір мәліметтер бойынша, 22 жастағы қыз зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген.
Ресей тергеу комитеті өкілеттіктерді теріс пайдалану туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғады.
Дереккөз: Ulysmedia.kz