Тәртіп сақшылары қыздың жүрген жерін анықтады.
Жетісу облыстық полиция департаменті бір апта бұрын жоғалып кеткен 17 жастағы талдықорғандық қыздың Алматыдан табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Полицейлердің хабарлауынша, жедел-іздестіру шаралары барысында Жетісу өңірінің тәртіп сақшылары Қаратал ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қыздың жүрген жерін анықтады.
"10 қаңтардан бері туыстары мен полицейлер іздеп жүрген жасөспірім Алматыдан табылды. Кәмелетке толмаған бала үйіне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды", - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Еске сала кетейік, 10 қаңтарда Талдықорғаннан Алматыға кеткен бойжеткен байланысқа шықпай, жоғалып кеткен.