$ 494.87  520.65  4.91

Жетісу облысында пәтерді сот арқылы заңсыз тіркеу әрекетінің жолы кесілді

Қадағалау актісі бойынша уәкілетті органдар мұқтаж жандарға кезектілік тәртібімен одан әрі ұсыну үшін пәтерді тұрғын үй қорының есебіне қою бойынша жұмыс жүргізеді.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Аталған факт 40 жастағы жергілікті тұрғын Текелі қаласының прокуратурасына жүгінген кезде анықталған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот шешімімен азамат Б. 2023 жылы пәтерге иелену мерзімінің ескіруі бойынша меншік құқығын белгілеген. 

Ол сотты пәтерді сатып алғанына, бірақ иесінің шетелге көшуіне байланысты құжаттарын рәсімдеп үлгермегеніне, онда 10 жылдан астам тұрып жатқанына және күтіп ұстау ауыртпалығын көтеріп жүргеніне сендірді.

Прокуратураның наразылығына байланысты сот актісін қайта қарау кезінде пәтердің ұзақ уақыт бойы иесіз болғанын, кейін 2014 жылдан бері оны ұстаған көп балалы әйелдің тұрғанын дәлелдеуге мүмкіндік туды. Сондай-ақ азамат Б.-ның аталған пәтерге еш қатысы жоқ екені анықталды. Нәтижесінде Текелі қаласы сотының азамат Б.-ға меншік құқығын белгілеу туралы шешімінің күші жойылды, - делінген хабарламада.

Қадағалау актісі бойынша уәкілетті органдар мұқтаж жандарға кезектілік тәртібімен одан әрі ұсыну үшін пәтерді тұрғын үй қорының есебіне қою бойынша жұмыс жүргізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары