$ 443.37  474.49  4.83

Валерий Меладзенің Алматыдағы концерті өтпейтін болды

Мені түсінесіздер деп ойлаймын.

Фото: концерт ұйымдаструшыларынан
Фото: концерт ұйымдаструшыларынан

Алматыда 20, 23 және 25 қаңтарға жоспарланған Валерий Меладзенің концерті өтпейтін болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ресейлік әнші Валерий Меладзенің отбасындағы қайғылы жағдайға байланысты қаңтар айына жоспарланған концерті кейінге шегерілді, деп жазады KAZINFORM.

«Құрметті достар! Жақын адамдарының бірінің қайтыс болуына байланысты, маған Алматыда өтетін концертімді 2,4 және 6 ақпанға ауыстыруыма тура келіп тұр. Мені түсінесіздер деп ойлаймын»,- деді әнші.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сатып алынған барлық билет жаңа күнге жарамды болады.

Билетті өткізу үшін алынған жерге хабарласу керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары